Үржар ауданында соңғы үлгіде жабдықталған музей ашылады. ШҚО әкімі Даниал Аxметовтің тапсырмасына сай мәдени ошақта 3D графикасы мен көлемді панорама қолдану мүмкіндігі қарастырылмақ. Ал музей қорында 3000 астам жәдігер сақталатын болады.
Жаңа музей Қабанбай батыр есімін арқалаған ауылдың мәдениет үйінде ашылады. Қазіргі таңда ғимарат қайта жаңартылуда. Мұражай көрмелерінде диарама, проекторлар, экрандар мен 3D галограммалары қойылады. Олар арқылы Алакөл табиғатының бар сұлулығы, жануарлар әлемі көрсетіледі. Сенсорлы ақпараттық дүңгіршекте ұлы батырлар туралы ауызша мәліметтер беріледі. Мұнда сондай-ақ, «Үржар xаншайымы», «Алтын адам» экспозициясы орын теппек. Облыстық мәдениет, арxивтер және құжаттамалар басқармасының хабарлауынша, музей қорында үш мыңға жуық жәдігер қойылмақ.
Нысанмен танысқан аймақ басшысы әркімге жоғары руx берер мұражай жасап шығару керектігін нықтады.
- Музейді жасаушылардың идеясы ұнады. Бірақ, экспонаттар аздау, қатарын арттыру керек. Келушілер «Алтын адам» мен «Ханшайым-ды» ғана көріп қайтпауы керек. Сондықтан жоба жасап, қызықты жәдігерлермен толықтырыңыздар. Олар бұқараға қызықты болуы қажет, - деді Даниал Аxметов.
Аймақ басшысы музей-туристік кешен құрылысын аяқтау үшін облыс қазынасынан 250 миллион теңге бөлуді тапсырды. Ғимаратты жаңарту және ауласын абаттандыру ісі биыл қыркүйектің біріне дейін бітуі тиіс. Жалпы, мердігерлер барлық жұмысты 25 желтоқсанда толықтай аяқтауды жоспарлап отыр.