Үржарда жер үйіне зақым келтірген көршісіне ашуланған ер адам бірден сотқа арызданған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Үржар аудандық №2 сотында қаралған сот ісінде жәбірленуші «көршім жер үйімнің төбесін бұзып тастады. Қазір үйім тұруға жарамсыз болып қалған» деп шағымданып, өзіне келтірілген материалдық шығынды өндіріп беруді сұрады. Алайда, араға біраз уақыт салып медиатордың көмегімен татуласқан тараптар, азаматтық істі қысқарту туралы арызға қол қойды.