Nur Otan партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері Көкөзек ауылдық округінің Мәдениет үйінде үгіт-насихат жұмыстары бойынша ауыл тұрғындарымен кездесіп, партияның алға қойған мақсат міндеттері және бағдарламаларымен таныстырды. Сонымен қатар жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.
- Партиямыздың басты мақсаттарының бірі – халықтың әл-ауқатын жақсартып, ауылдарды көркейту. Бұл ретте, Үржар ауданы да назардан тыс қалмайды. Сайлауалды бағдарламада алдағы 5 жылда нақты іске асырылатын жоспарлар бар, – деді штаб мүшелері.
Атап айтқанда мұқтаж жандарға баспана беру, сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, Ауыл - Ел бесігі» жобалары аясында ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыру көзделген. Сонымен қатар жол сапасы да жақсармақ.
– 2019 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының үлесі 380 шақырым немесе 78,5% құрады. Біздің міндетіміз – 2025 жылға қарай жергілікті жолдарды сапалы жөндеу. «Бестерек-Ер Қабанбай», «Үржар-Қызылту», «Таскескен-Бақты-Егінсу», «Қарабұта-Ақшоқы» және «Үржар-Барқытбел-Қарабұйрат» жолдарын орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Бірқатар ауылдарға кірме жол жөнделіп, Үржар ауылындағы Абылайхан көшесіне, Алтыншоқы ауылының ішкі көшелеріне асфальт төселеді. Осы шараларды іске асыру жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 78,5%-дан 91,9%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, – деді өз сөздерінде Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері.
Жиналғандар алдағы сайлауда Nur Otan партиясына сәттілік тілеп, қолдайтындықтарын айтты.
Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облысы cайлау қорының қаражатынан төленді