Nur Otan партиясынан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қарашев Мамырбек Бақтығазыұлы және оның сенімді өкілдері, партияның Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері Елтай ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жиналғандарға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сонымен қатар азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.
Мамырбек Қарашев өз сөзінде партияның ел үмітін ақтау үшін және халық пен билік арасындағы көпір болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтындығын айтты.
- Біздің бағдарлама туған ауданымызды дамытуға бағытталған. Ауыл шаруашылығы өнімін жеткізетін негізгі өнім берушілердің бірі болып, туризмді дамытып, ең бастысы азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаймыз. Карантинге байланысты оқу процесін ұйымдастыру жүйесі өзгергені белгілі. Бұл ретте, қашықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін де партиямыз бірқатар шараларды атқарды. Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 6257 бала компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, - деді кандидат.
Оның айтуынша, алдағы 5 жылда Nur Otan партиясы білім беру саласына баса назар аударуды жалғастыра бермек.
- 2025 жылға қарай 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтамасыз етіледі. Бұл үшін шағын орталықтарда қосымша топтар ашылатын болады. Барлық мектептер пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника сыныптарымен, химия, биология, физика кабинеттерімен кезең-кезеңмен жабдықталды. Сонымен қатар ауылдардағы 8 мектепке күрделі жөндеу, 29 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, - деді Мамырбек Қарашев.
Сөз соңында кандидат тұрғындарға 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облысы cайлау қорының қаражатынан төленді