Қазір аталмыш бекетте ақ халаттылар жұмыстарын алаңсыз атқарулары үшін барынша жағдай жасалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі Нұржан Тоқсеитовтың айтуынша, жұқпалы індетке байланысты сақтық шаралары жоспар бойынша жүргізілуде.
– 0-92 аймағындағы блок бекетке барып қайттым. Сақтық шараларын пысықтап, орынбасарым Дидар Хамитов пен Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі Азади Жүнісовке қосымша тапсырмалар бердім. Қазіргі күні бекет басына төтенше жағдай бөлімінің арнайы жылыту көлігі мен күрке (палатка) тігілген. Онда дәрігерлер тиісті жұмыстарын орындайды. Сонымен бірге электр жарығы да тартылған. Бүгінгі күні аталмыш бекетте тексеру жұмыстары күшейтілген, – дейді аудан басшысы.