Ауылдарды аралап, жағдайымен танысқан аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов сағаттықтар үшін қуанышты хабар болатынын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, аудан басшысы барлық 27 ауылдық округті аралап үлгерген. Қазіргі уақытта шағын елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысуда.
– Шолпан ауылына барып, көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар бойынша ауыл әкімі Берік Кәріповке нақты тапсырмалар берілді. Бұдан кейін Сағат ауылында болдым. Жергілікті білім ордасына бас сұғып, мектептің жағдайымен таныстым. Әрине мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарға енгізілетін болады. Сонымен бірге Қарақол ауылындағы мектеп ұжымына қашықтан оқыту жүйесіне жауапкершілікпен қарауды тапсырдым, – деді Нұржан Тлеужанұлы.