Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жұмыс барысымен арнайы танысқан жауапты тұлға көшені жарықтандыру жұмысының да қолға алынып жатқанын жеткізді.
– Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ұзындығы 9.8 шақырымды құрайтын Абылайхан даңғылына толықтай асфальт төселуде. Жаяу жүргіншілер жолы реттеліп, жарықтандыру жүйесінің жұмыстары атқарылуда, – деді Нұржан Тлеужанұлы.