Бұл туралы аудан басшысы Нұржан Тоқсеитов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі жұмыс уақтылы аяқталуы үшін ұдайы бақылауда болатынын жеткізді.
– Аудан орталығындағы жүзу бассейнінің құрылыс жұмысымен таныстым. Бүгінде терезелері қойылып, төбелері жабылған нысан аудан тұрғындары үшін керемет орын болары сөзсіз. Осы бағытта жоспарға сәйкес жұмыс атқарып, спорт ғимаратының сапалы әрі уақытында аяқталуын бақылауда ұстайтын боламыз, – деді ол.