Үржарда 2025 жылға қарай аудан тұрғындары толықтай таза ауызсумен қамтылмақ

6197
көрілім

Nur Otan партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қарашев Мамырбек Бақтығазыұлы, оның сенімді өкілдері, белсенді жастар және партияның Үржар аудандық сайлауалды штабы мүшелері Көлденең ауылдық округінің тұрғындарымен және "Юбилейный" ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізеді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат жүргізілді. Сонымен қатар жиналғандар тарапынан қойылған сауалдарға да нақты жауаптар берілді.

- Ауылдарды таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Бүгінгі күні Үржар ауданында 53 ауылдық елді мекеннің 24-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, 29-орталықсыздандырылған. Біз 2025 жылға қарай қалған 29 ауылдың тұрғындарын сапалы ауызсумен толық қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз.«Nur Otan» партиясы 2023 жылға дейін Мақаншы және Үржар ауылдарындағы су құбыры желілері мен ғимараттарын қайта жаңартуды аяқтауды, 25 ауылда су құбыры желілерін салуды жоспарлап отыр, - деп түсіндірді Мамырбек Қарашев. 

Оның айтуынша, 2025 жылға қарай аудан тұрғындарының 100%-ы (73,7 мыңнан астам адам) таза ауызсумен қамтамасыз етіледі.

Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облысы сайлау қоры қаражатынан төленді