Үржардағы үш серіктестіктен 60 мың га жер сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды

759
көрілім
Үржар ауданындағы «Бәтуа», «Ырғын» және «Мәнфағат» ЖШС-нен 60 мың га жер сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы ШҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейірхан Әшімханов хабарлады.

Жердің сырт жағын игеріп, ортасын игермеген. Аталған серіктестіктерден жерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында сот үрдісі 2-3 жылға созылды. Ақыры, сот шешімі былтырғы жылдың тамыз айында шықты, – дейді Мейірхан Әшімханов.

Бұдан тыс Шығыс Қазақстанда өткен жылы жер заңнамасының бұзылуына байланысты сотқа 88 арыз жолданып, жер заңнамасын бұзушыларға 24, 1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған.

– Қазір уақытта екі арыз соттың қарауында. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, – дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Мейрамбек ҚОСАЖАН