Парижде өткен "Grand Slam" турнирінен кейін жерлесіміз Ерлан Серікжановтың жаңартылған әлемдік рейтингідегі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Естеріңізде болса, шығысқазақстандық дзюдошы Франция еліндегі сайыста жарақатына байланысты татамиге шықпаған болатын. Жаттығу барысында ескі жарақаттарының сыр бергенін айтқан. Мұны естіген бапкерлік құрам да спортшының толықтай жазылуын жөн санап, жарыс жолына шығармады. Нәтижесінде Серікжанов ауқымды турнирден шет қалып, рейтингілік ұпайлар да ала алмады. Қазір жерлесіміз 3805 ұпаймен 66 келі дәрежесінде 10-шы сатыға жайғасты. 5695 ұпаймен аталған салмақтың көшін бастап тұрған жапон спортшысы – Джоширо Маруяма.
Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз мұның алдында Израильде өткен Гран-При додасында күміс медаль иеленген болатын.
Әділхан ЕСІМХАНОВ