Үржарлық қазақ күресінің жампозы жерлестерін сақтық шараларына мән беруге шақырды

481
көрілім

Спортшы жерлестеріміз өңір тұрғындары мен отандастарын жағдай ушығып бара жатқан қарбалас кезеңде сақтық шараларына бейжай қарамауға шақырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл жолы қазақ күресінің жілігін шағып, майын ішкен сақа спортшы Шалқар Жоламанов республика көлемінде күн санап қаупі күшейе түскен коронавирус пандемиясына байланысты барша шығысқазақстандықтарды абыр-сабырға түспей, дертті жеңуде ауызбіршілік танытуға шақырды.

– Денсаулығымызға атүсті қарап, сақтық шараларын қолға алу кезінде жұрт болып қолдау білдіргеніміз жөн. Бұл адамзат басына түскен уақытша қиындық. Осы дүрбелеңді ел болып өткеретіндігімізге сенімім мол. Бұл ретте өмір салтыңызды белгіленген ережелерге сәйкес ұстануларыңызды өтінемін, – деді Шалқар Тұрысбекұлы Үржар ауданы ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік желіде жариялаған бейнетүсірілімінде.