Үржарлық танымал палуан спорт мектебінің директоры болып тағайындалды

728
көрілім
Шартты фотосурет

Грек-рим күресінен Азия чемпионы Дархан Баяхметов енді аудан спортын дамытуда өз үлесін қоспақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бейжің Олимпиадасында бесінші орын иеленіп, жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінген жерлесіміз енді Үржар ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Kaz_wrestling_mode парақшасында жазылды.

– Грек-рим күресінен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Дархан Баяхметовке алдағы жұмысына сәттілік тілейміз, – делінген мәліметте.

2008-2016 жылдары үржарлық спортшының есімі құрлық көлемінде аспандап тұрды. Әсіресе тік жүріп белдесуде кімнің болса да сілікпесін шығарып, күрес қарқынын біртіндеп арттыра түсуімен ерекшеленетін. 66 келіге дейінгі салмақта Әлемнің біршама мықтысын қапы қалдырды. Өкініштісі сол, мойнына тек төртжылдық басты бәсекесінің медалін ғана таға алмады.

Әділхан ЕСІМХАНОВ