Үш жасқа дейінгі балалар биіктен құлаған сәтте мейлінше аз жарақаттанады – дәрігер пікірі

207
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Павлодар облысында жыл басынан бері 21 бала терезеден құлаған. Өкінішке қарай, олардың екеуі алған жарақаты салдарынан көз жұмды, деп хабаралйды  Buqara.kz  сайтының тілшісі  kazinform-ға сілтеме жасап.

Биіктен құлаған балалардың көбі ашық тұрған терезеден шыққан. Мамандардың айтуынша, жеткіншектер мен жасөспірімдер құлаған сәтте көбіне басын, омыртқасын және аяғын зақымдайды. Мұндай жарақат алғандардың оңалуына көп уақыт кетеді.

- Дәрігерлік деректерге сүйенсек, үш жасқа дейінгі және аутистік спектрі бұзылған неғұрлым жеңіл жарақаттанады. Себебі олар көбіне биіктен құлағанын түсінбей қалады. Яғни, балалардың бойында қорқыныш болмайды, үрейленбейді. Соған сәйкес мейлінше аз жарақат алады. Ал одан ересек балалар барлығын түсінетіндіктен құлаған кезде бұлшықеттерін жиырып ала қоятыны мәлім. Әрі соған орай ағза мүшелері қатты жараттанып, сүйектері сынады, ішкі органдары да айтарлықтай зақымданады, - дейді Павлодар облысының бас штаттан тыс балалар нейрохирургі Талғат Қасымбеков.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері елімізде 100-ден астам бала терезеден құлап кеткен.