«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Үшарал гарнизоны механикаландырылған бригадада Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Жас сарбаз» әскери клубының оқушыларына арналған ашық есік күні өтті.
Гарнизонда ұйымдастырылған шараның мақсаты - балаларды Отанын сүюге үйрету және патриоттық рухта тәрбиелеу.
Аталған ашық есік күн аясында оқушыларға казармадағы үй-жайлар, ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмелері көрсетіліп, офицерлер мен сержанттар түрлі қару түрлерімен және ұрысты жүргізуге арналған құрылғылармен таныстыру сабақтарын өткізді.
Сонымен қатар әскери киім үлгілерімен, әскери техника және қару-жарақ түрлерімен жақынырақ танысып, қолдарымен ұстап көрді. Әскери бөлімнің офицер-тәрбиешілері әскери өмір мен тәртіп туралы, сондай-ақ әскери қызметтің, жауынгерлік және оқу-жауынгерлік тапсырмалардың өту тәртібі туралы айтып түсіндірді.
Шара соңында балалар қызықты бір күн үшін әскери бөлімнің қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі