Ұстаз таңдауға бола ма?

528
көрілім

- Ауыл мектебінде бірнеше бастауыш сынып мұғалімі бар. Білгім келетіні, ата-аналар өзіміз қалаған мұғалімнің сыныбына баламызды беруге бола ма? Жалпы, ата-ананың мұғалім таңдауға құқы бар ма?

Күршім ауданынан тұрақты оқырман

Сіздің сұрағыңызға Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Байжанова былай деп жауап берді:

- Қазақстан Республикасы "Білім туралы" заңының 49-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары және басқа да заңды өкілдері баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға құқығы бар. Аталған заңның 43-бабының 1-тармағына сәйкес, білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болатыны көрсетілген.

Демек, ата-ана ұстаз таңдауға емес, білім беру ұйымын таңдауға құқылы. Яғни, мектеп әкімшілігі сынып мұғалімдерін өздері белгілеп, оларды ауыстыру мәселесін өзі шешеді.