Үйінде есірткі сақтаған өскемендікке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

135
көрілім

44 жастағы қала тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркіленіп, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратты ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер ұсынды. Аталған департаменттің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы өкілдері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, тәртіп сақшылары 44 жастағы қала тұрғынынан гашиш есірткісін анықтады. 

- Тәртіп бұзушының үйінің жанында орналасқан гаражды тінту кезінде салмағы 360 грамнан асатын есірткі тәркіленді. Бұл сараптама кезінде де расталды, - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.