ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті балықтардың уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынатындығын ескертеді. Комитеттің балық аулауға тыйым салуы жөніндегі ақпаратты төмендегі кестеден оқи аласыздар.
Балық аулауды шектеу және аулауға тыйым салу жөніндегі мәлімет:
Қай бассеинде? |
Қандай өзен-көлдерде? |
Қай аралықта? |
Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бойынша |
Балқаш көлінде, Балқашқа құятын сағалардан 5 км ағыспен жоғары бағытта, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде, |
15 сәуір – 1 маусымды қоса алған аралықта |
Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құяр сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде |
10 сәуір – 1 маусымды қоса алған аралықта |
|
Ертіс балық шаруашылығы бойынша |
Жайсан көлінде және Қарақастан Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде |
16 сәуiр – 30 мамырды қоса алған аралықта |
Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС-на дейiн Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде |
1 мамыр – 15 маусымды қоса алған аралықта |
|
Шүлбі және Өскемен су қоймаларында, Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейін Ертіс өзенінде |
10 мамыр – 10 маусымды қоса алған аралықта |
|
Ақсаха балық түрлері уылдырық шашу және артемияның көбеюі бойынша |
Жайсан көлінде, Бұқтырма және Өскемен су қоймаларында және Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертіс өзенінде |
10 қараша – 10 желтоқсанды қоса алған аралықта |
Аян Өрібаев