Қазақстан Теннис федерациясы өскемендік 14 жастағы теннисші Татьяна Николенконы «2018 жылдың үздік теннисшісі» деп атады.
Биыл Татьяна Николенко Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады. Спортшы бұған Қазақстанда, Грузияда және Тайландта өткен бірнеше халықаралық турнирлердегі жеңістері арқылы қол жеткізді. SMASH теннис орталығының тәрбиеленушісі 2018 жылы 14 жасқа дейінгі жас санатында Азия теннис элитасына кіріп, маусымның соңына қарай рейтингтің басына шыққан.
Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ