ШҚО әскери бөлімдерінде бағынысты әскери бөлімдердің командирлерімен әскери қызметшінің этикасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауға қатысты түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы ANTIKOR.LIVE жобасы аясындағы тікелей эфир барысында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Арынғали Ақышев мәлімдеді.
Мемлекет басшысының нұсқауларына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жандандыру, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы мақсатында «ҚР Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссияларының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың) қызметін ұйымдастыру регламентін бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 30 маусымдағы № 302 бұйрығының талаптарына сәйкес Семей өңірлік, Өскемен, Аягөз және Үшарал гарнизондарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиялары құрылған.
Бүгінгі таңда әскери бөлімдердің қолбасшылығымен ҚР Қарулы Күштерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын әскери қызметшілердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы білуіне тестілеу белсенді түрде жүргізілуде (ҚР ҚМ 2017 жылғы 16 ақпандағы № 62бұйрығымен бекітілген). Тестілеу әскери қызметшілердің барлық санаттарымен тоқсанына бір рет өткізіледі.
Сондай-ақ бақылау-өткізу пункттерінде ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, бас қолбасшының орынбасары-ҚР ҚК ӘҚ Бас қолбасшысы басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыстар бас басқармасының бастығы, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшылығының, гарнизондардың әскери құқық қорғау органдарының Сенім телефондары ілінген.
Әскери бөлімдерде, қоймаларда және сақтау базаларында түгендеу және тексеру, техниканың, қару-жарақтың, оқ-дәрілер мен әскери жарақтардың нақты болуы, бөлімдердің Қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру тұрақты негізде жүргізіледі.
Лауазымды адамдардың қызмет бабын теріс пайдалану және басқа да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілерін анықтау тұрғысынан әскери қызметшілердің барлық санаттарымен жасырын сауалнама жүргізіледі.
Қазіргі уақытта басшылардың бағыныштылар арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілген.
Мемлекеттік қызметшілер тікелей бағыныстылары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда тәртіптік жауаптылыққа тартылады. Сонымен қатар, басшының ұжымдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өз міндетін жүйелі түрде елемегені үшін жауапкершілігі қарастырылған.
Өз сөзінің соңында Арынғали Құрманғалиұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде жүргізуге міндетті екенін атап өтті.