Валентин Алифанов. «Еліме пайда әкелу!»

381
көрілім

Валентин 1989 жылы 13 қаңтарда ШҚО Шемонаиха ауданының Усть-Таловка кентінде дүниеге келген. Жоғарғы сыныптан бастап іс-шараларды өткізуге қызығушылық танытады. 10 сыныпта актёрлік мамандық туралы ойлана бастайды, бірақ туған кентінде де, Шемонаиха ауданында да театралдық оқу орыны жоқ еді.

2007 жылы Валентин Алифанов «Алтай мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының» көркем шығармашылық факультеті, «Театралдық режиссура и актёрлік шеберлік» кафедрасына оқуға түседі. Студенттік жылдар өтіп жатады, ал ол болса үйіне келген сайын: «Оқу бітірген соң Отаныма ораламын!» деп уәде ететін.

2012 жылы академияны тәмамдаған соң, Валентин туған кентіне оралады. «Бұл саған не үшін керек? Ауылда не іздейсің? Мәскеуге бар!» деген пікірлерге де тап болды. «Мен балаларды Отанында қалуға үйрету үшін келдім, тек лайықты білім алу үшін ғана кетуге болады, әркім үйіне оралып, еліне пайда әкелуге тиіс, өйткені бала кезіңнен аяққа тұрғызған сенің Отаның», — деп санайды Валентин. Бұл сөзін ол адамдарға үлгі ретінде ісімен дәлелдей алды.

Балалардың өнер мектебінің базасында Валентин жаңа театр бөлімін ашады. Бұл жаңалықты балалар жақсы қабылдаған. Көп ұзамай ауданда түрлі афишалар пайда бола бастайды: «Муха-цокотуха», «Дюймовочка», «Необыкновенные приключения Маши и Даши», «Тайна волшебного колодца».

Жұмысының алғашқы жылында (Анатолий Ивановтың 85-жылдығымен дәлме-дәл келді) Валентин Алифанов жазушы жерлесінің «Тени исчезают в полдень» романының желісімен «Фёдор» атты спектакль қояды. Бұл спектакль өте табысты болды, ол ауданның барлық тұрғындарына көрсетілді. «Театр үміті»атты конкурс ұйымдастырып, онда балалар өлең, монолог оқып, шағын спектакльдерде ойнайды.

Осылайша ауданда театр өнері жандана бастайды: Абай, Шукшин, Лермонтов, Әуезов, Есенин бойынша қойылымдар ұйымдастырылады. Жаңа жанр — эстрадалық спектакльдер де қолға алынды.

Валентин облыстық филармониямен қызметтес болып, Қазақстанның қалаларындағы концерттік-гастрольдерге, Ресей Федерациясына достық сапарларға жүргізуші ретінде қатысады. Ұлы жеңістің 70 жылдығында ол Шемонаиха ауданының мыңға жуық оқушыларымен спектакль ұйымдастырады.

Валентиннің тәрбиеленушілері елдің ең айтулы алаңдарында өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Оның ішінде «Ақ көгершін», «Күншуақ», «Остров талантов» тәрізді халықаралық конкурстар мен балалар шығармашылығының фестивальдары бар. Валентин инновациялық-педагогикалық идеялардың республикалық фестивалінде балалар дарынын театр технологиясын қолдану арқылы дамыту бойынша авторлық бағдарлама әзірлеп, табысты қорғап шықты. Ол туралы «Шығыстың жас дарындары» кітабында мақала жарық көрді. Осы жылы ол Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуыменө өткен«Нұр отан» партиясының жанындағы «Жас отан» жастар қанатының кезектен тыс III съездінің делегаты болып тағайындалды.

Валентиннің айтуынша, балаларды мейірімділік жолымен жүруге, өз мемлекетінің мүддесіне қызмет етуге үйрету өте маңызды. Адамның өзі ісі мен Отанына деген адалдығы сырт келбетімен, әдемі сөздерімен емес, оның атқарған ісімен айқындалады. Валентиннің тәрбиеленушілері қазақстандық эстрада және театр сахнасында өнер көрсететін әртіс болуды армандайды. Ғаламда өз Отанына жетер жер жоқ екенін олар түсіне бастаған.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.