«Достық» — шаруа қожалығының атауы. Бұл қожалыққа 1996 жылдан бері Василий Степанович басшылық етуде. Шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихат депутаты ауылдағы өмір мен ауыл шаруашылығының мәселелерімен айналысады.
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы Минутка ауылының тумасы, Семей ауыл шаруашылығы институтын бітірген, Қскемендегі шошқа-совхозында жұмыс істеген. Мал шаруашылығының бригадирі, зоотехник, бас зоотехник, Ленин атындағы колхоздың төрағасы қызметтерін атқарған. 90-жылдары ол құрған «Достық» шаруа қожалығы осы уақытқа дейін тұрақты жұмыс істеп тұр.
Қазір бұл Ұлан ауданындағы ең ірі қожалықтардың бірі болып табылады. 2000 гектар егістік жерлері бар. Бидай, күздік қарабидай, арпа, қарақұмық, күнбағыс өсіріледі. Көпжылдық шөп тұқымдарын өндірумен айналысады.
Василий Степанович өзінің жұмысында өндірісті дамытуды ғана басты орынға шығармайды. Ол әлеуметтік саланың мәселелерін шешуді де қолға алған. «Достық» ШҚ жол жағдайына жауапты, жергілікті мектептегі мәселелерді шешуге көмектеседі, ауылдың гүлденуі мен оның тұрғындарының хал-ауқатын жақсартуға ат салысады. «Достықтың» көпұлтты ұжымы бір отабсындай өмір сүріп, барша ауылдың амандығына қамқор болуда.
Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru
Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.
Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.
Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.
Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.