Василий Воропай. «Багратион» шаруа қожалығын құрушы

319
көрілім

1942 жылы 5 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Таврия ауданында Митрофановка ауылында дүниеге келген.

Алматы ауылшаруашылық институтын «Агроном» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын тракторшы болып бастайды. Кейін автогараж меңгерушісі, механик болады. Уақыт өте келе қызметі бас агрономға, одан кейін Багратион совхозының директорына дейін жоғарылайды.

Совхоз тараған кезде ұжымды бір бастамаға жұмылдырып, сақтап қалды. Осылай «Багратион» шаруа қожалығы құрылған еді. Қазіргі уақытта бұл шаруа қожалығы ауданда ғана емес Шығыс Қазақстан облысындаығ ірі қожалықтардың бірі болып табылады. Василий Воропай егіншілік шаруашлығын дамтыуға зор үлес қосып отыр, ол ауданда, облыста, республикада жоғары өндірістік межеге жетті. Мал шаруашылығындағы сүтті және етті өндірісті дамытуда жаңа технологияларды енгізеді. Қожалық Қазақстан Республикасында ғана емес, одан тыс жерлерде де симментал тұқымды ірі қара малды өсіру бойынша асыл тұқымды мал зауыты ретінде белгілі.

Василий Григорьевич өзінің ауылдастарын жұмысқа тұрғызуға көп көңіл бөледі: қожалықта ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін бірнеше цех жұмыс істейді. Жұмысшылардың медициналық мекемелердегі ем-шаралары төленеді, санаторийлерге туристік жолдамалар беріледі. Василий Григорьевич мектептерге, балабақшаларға, Қарттар үйіне, жауынгер-афгандықтарға, жергілікті әкімдікке көп көмек көрсетеді. Көп жылдық және адал еңбегі үшін «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет», «Барыс» ордендарымен, «Тың жерлерді игергені үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатын алған.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.