Британдық ветеринарлар қауымдастығы COVID-19 коронавирусымен ауырғандардың үйіндегі мысықты оқшаулауға кеңес береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
– Коронавирус жұқтырғандар тұратын үйдегі мысықты иелері үйден шығармауы арқылы оқшаулауы керек. Бұл үй карантиніндегі адамдарға да қатысты, – деп есептейді мамандар. Қауымдастықың айтуынша, осы кезге дейін жануарларда COVID-19-ға қатысты аз жағдай тіркелген. Вирус адамнан жануарға берілуі мүмкін. – Үй жануарлары COVID-19-ды иелеріне жұқтыратынына ешқандай дәлел жоқ, – деді қауымдастықта.
Сондай-ақ ветеринарлар вирус жануарлардың жүнінде болуы мүмкін екенін ескертеді, сондықтан қолды жуу - өзіңді қорғаудың ең жақсы тәсілі.