Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйінен қару-жарақтың 11 түрі тәркіленді деп хабарлайды
Бұқара.кз сайтының тілшісі NUR.kz сайтына сілтеме жасап.
Милиция қызметкерлері саясаткердің үйінен 8 тамыз күні мылтық тауып алған, сондай-ақ, экс-президенттің жақтастары арнайы жасақтан тартып алған қару-жарақтар болған.
Атамбаевтың Қой-Таштағы үйінен пистолет-пулемет негізінде құрастырылған "Капрал" тапаншасы, ТТ тапаншасы, GM-100 маркалы екі тапанша, "Ақбөкен" карабині, ТОЗ екі қабатты мылтығы, Fabarm, Zoli және Progress мылтықтары, сонымен бірге, Драгунова (СВД) снайперлі винтовка және Симонова карабині тәркіленген.
Одан бөлек, ІІМ қызметкерлері экс-президенттің адамдары арнайы жасақ сарбаздарынан тартып алған резеңке оқтармен атылатын мылтықтарын тапқан.