Владимир Акулов. Асыл тұқымды мал шаруашылығы ісіндегі ең үздік шаруа қожалығының басшысы

396
көрілім

Ауыл шаруашылығына қарапайым мал дәрігері болып келген Владимир Иосифович ауылда ұзақ жылдарға қалып қойды. Алдымен «Краснопартизанский» совхозының аға мал дәрігерінің міндетін атқарады, кейін Ленин атындағы колхоздың төрағасы болады. 1996 жылы Акулов «Қамысты» шаруа қожалығын, ізінше «Қамысты-2» ЖШС құрды.

Ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек еткен азамат ауыл шаруашылығының құлауын да, посткеңестік заманда қайта қалпына келуінің қиындықтарын да басынан кешкен Владимир Иосифович өзі жолға қойған асыл тұқымды мал шаруашылығында үлкен табыстарға жетті. Селекциялық жұмыстардың қорытындысы ретінде 2010 жылы «Алтын-Белгі» медалімен мараптталып, сүтті қызыл ала малды өсіру бойынша ең үздік шаруашылық болып танылды.

Шығыс-Қазақстан облысы бойынша ең жоғарғы суын және салмақ өсімін алуы, шаруашылықты электронды басқаруы, заманауи, жоғары технологиялы сүт-тауарларының фермасы мен сиыр сауу орындары бар кешендерді салуы, агрономиядағы озық инновациялық амалдарды қолдану арқылы жемшөп базасында өсірілген құрама жем зауытының жұмысын жүргізуі, егін шаруашылығында жаңа техникаларды пайдалануы, қызметтің басқа да салаларындағы қызметі шаруа қожалығына және жауапкершілігі шектеулі серіктестікке абырой мен танымалдылық әкелді.

Акуловтың шаруашылығында малшылар мен диқаншылар арасындағы жарыстарды қорытындылау кезінде кәсіби мамандардың еңбегі өте жоғары бағаланады. Владимир Иосифович жеңімпаздарды өзі құттықтап, сыйақы табыстайды. Сонымен қатар, бағалы жұмысшылар ірі қара малдың жас төлімен, сауықтыру орындарына жолдама беру секілді сыйлықтармен ынталандырылады. Мектеп оқушыларына тұрақты негізде ауылшаруашылығы қалыптасуының жұмыс орындары бойынша экскурсиялар жүргізіледі.

Жас мамандарды орнықтыру үшін ауылда барлық инженерлік желілері бар жаңадан жоспарланған үйлерден тұрғызылған көшелер салынып жатыр. Ауыл шаруашылығы құрылымын бірқатар механизаторлар кадрларымен толықтыру үшін аудандық колледжбен тығыз байланыс орнатылған.

Балалар мен жастардың тәрбиесіне ерекше назар аударады, Жаз мезгілінде оқушылар әке-шешелерімен бірге егін алқаптарында және фермаларда, асханаларда және басқа да құрылымдарда жұмыс істеп, өз еңбектері үшін жасөспірімдер лайықты еңбек ақыларын алады. Владимир Иосифович ауылдардң әлеуметтік саласына ерекше назар аударады: спорт жаттықтырушыларына, дәрігерлік амбулатория, ауылдық Мәдениет үйінің мамандарына қосымша ақы төлейді. Әлеуметтік нысандар уақытында жөнделіп, материалдық базалары жаңартылып отырады, ауылдар абаттандырылады. Тұрғындар арасында шағын хайуанаттар бағы аса танымалдыққа ие. Бұл жерде қодас, аю, марал, қасқыр, тауыс, қырғауыл және басқа да жануарлар бар.

Владимир Иосифович «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, беларус этномәдениеті бірлестігінің өкілі болып табылады.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.