Владимир Дубинин: «Мен Қазақстанның азаматымын»

369
көрілім

Владимир – біздің жерлес. Қазір Мәскеуде жұмыс істейді, сұлулық салонын басқарады. Бірақ HCF Trophy International Hairdesign Contest халықаралық конкурсында ол Қазақстанның атынан қатысты. Жиырмадан астам шеберлерді шаң жұтқызып кеткен Владимир «Жоғары сән шаштаразы» деген атақты жеңіп алды.

Осы конкурстың тарихында тек Дубинин ғана онда екі рет жеңімпаз атанып отыр. Бірнеше жыл бұрын ол екінші орынды иеленген болатын. Ал қазір алға озып шықты. «Неге Қазақстанның атынан шықтың деп менен көбі сұрады. Қызық сұрақ. Мен Қазақстанның азаматымын, өз елімді, туған қалам Өскеменді сүйемін, — дейді Владимир Дубинин. – Өзімнің республикамды мұндай беделді конкурста таныту мен үшін үлкен мәртебе».

Өсыдан он жыл бұрын Париж туралы тек армандауға ғана болатын. Владимир Дубининннің өмір жолы соқпақты, аса күрделі еді. 15 жасында ол ата-анасыз қалып, атасы мен әжесінің қолында өседі. Табысқа жетер жол да оңай болмады. Кез келген жас жеткіншек сияқты Владимир базалық білім алуға талпынды. «Экономикасы және кәсіпорын аудиты» факулдьетін тәмамдап, оқумен қатар ӨМЗ (Өскемен металлургиялық зауыты) өара жұмысшы болып қызмет атқарады. Жас жігітті арманы алға жетелеп отыратын. Уақыт өте келе ол сол арманына жетіп, шаштараз-стильші болады. Тағдыр оны Яна Рудковскаяның «Franck Provost» сұлулық салонына әкелді.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Владимир Парижджегі шаштараз өнерінің халықаралық конкурсын жеңіп алды. Қазылар алқасы оны 2017 жылдың үздік шебері деп таныды. Марапт пен атақтан бөлек Дубинин 2018 жылы HCF Trophy International Hairdesign Contest конкурсының қазылар алқасының қатарына кіру мәртебесіне ие болды. Сондай-ақ, ол өзінің шаш үлгілерін L’Oreal Professional-ға ұсынады. Владимир алдағы уақытта Өскемен қаласынан Haute Coiffure Francaise француз секциясының кәсібилікті арттыру бойынша орталығын ашуды жоспарлап отыр.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.