WhatsApp-ты бұзып кіріп, ішінде барлық хатты оқи алады – алаяқтардың жаңа әдісі

380
көрілім
Фото:qaz.ulysmedia.kz сайтынан

Электронды сілтеме арқылы WhatsApp аккаунттарға бұзып кіру жағдайлары жиілеп кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұны ұйымдастырғандар сізді WhatsApp Web сілтемесіне өтуге және сол сілтемедегі нұсқауларға сәйкес әрекет етуге шақырады.

Алдымен, алаяқтар WhatsApp-та топ құрады. Оның ішінде сізге таныс адамға қолдау көрсетуге немесе дауыс беру мақсатында, кейде жай ғана көмек сұрайтын хабарлама жіберіледі. Осылайша, сіздің ақшаңызға ие болуы мүмкін. Әдетте топтарда тек әкімші жаза алады. Бұл топтағы қырағы адамдар алаяқтар екенін сезіп қоймас үшін жасалады. Тіпті сілтемелер арқылы сіздің WhatsApp аккаунтыңызға бұзып кіріп, ішіндегі хабарламаларды оқуы да мүмкін.

Мұндай жағдайларды жол бермей, өз аккаунтыңыздағы жазбаларыңызды қорғау үшін мыналарды есте сақтаңыз:

  • күдікті хабарламалар мен сілтемелерден өте сақ болыңыз, әсіресе олар таныстардан келсе;
  • егер сізден жеке деректерді енгізу немесе онлайн режимінде қандай да бір әрекеттерді орындау сұралса, әрқашан телефон қоңырауы сияқты басқа байланыс арнасы арқылы жіберушінің жеке басын тексеріп алыңыз.
  • Қосымша қауіпсіздікті іске қосу үшін мүмкіндігінше тіркелген параметрлерде екі факторлы аутентификацияны (2FA) қосыңыз.
  • Жақындарыңыз бен достарыңызға фишинг әдістері мен әлеуметтік инженерия туралы үйретіңіз, сонда олар да сақ болады.