Ыстық сақталады. ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

180
көрілім
Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 28 маусым күні солтүстік-шығыстан жел соғады деп болжануда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күндіз өңірдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жел соғады. Сондай-ақ 36 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қауіпі сақталады.
Осы тұста мамандар тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады: 
- күннің ысығанда көшеде жүруді мүмкіндігінше шектеу (сағат 11:00-ден 17:00 ге дейін); 
- көлеңкеде жиі болуға тырысу;
- алкогольді сусындарды ішпеу, бұл адам ағзасының нашарлауына әкеледі; 
- өрт қауіпі жоғары кезде табиғат аясында және үй маңында от жақпау;
- отпен абай болу. 

Төтенше жағдай кезінде «112» бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалыңыз.