Юлия Кунст: Белсенділік — қозғалыстың негізі

301
көрілім

Юлия 1979 жылы 4 қарашада Жамбыл облысының Мерке қаласында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Өскемен қаласына келіп, Құқықтық «Әділет» жоғары мектебінің заңгерлік факультетіне оқуға түседі. Жас маман ретінде еңбек жолын мемлекеттік қызметте бастап, осы салаға үш жылын арнайды.

Кейін Юлия кәсіпкерлік қызметке ауысып, «Korean Way» туристік фирмасының директоры болады. Бұл фирма Қазақстан мен Корея Республикасы арасында мәдениет, медциналық және экологиялық туризмді дамытумен айналысады.

2013 жылдың қазан айынан бастап кәсіпкерлік қызметтен бөлек ол қоғамдық жұмыстармен айналыса бастайды. Шығыс Қазақстанның корейлер Ассоциациясының басшысының жаңа бастамасына орай қалада «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің базасында «Канвон» жастар мәдени орталығы ашылады. Юлия Қамқоршылық Кеңесінің құрамына кірген. Колледжде кореядан келген еріктілер тілдік курстармен қатар этникалық дабыл «самульнориде» ойнау курстарын жүргізеді. Мемлекеттік көптілділік бағдарламасын қолдау аясында орталықта ағылшын және қазақ тілдерін оқыту курстары ашылды. Ал орыс тілін сүюшілер минутына 2-ден 25 мың сөзге дейін жылдамдыққа оқу әдісін үйрене алады. Корей және әлемнің басқа да халықтары тағамдарының кулинарлық курстары ұйымдастырылған.

Соңғы екі жылда Өскемен қаласында бірнеше ірі іс-шара өтті: корей әліппесінің 570-жылдығы, корейлердің республикалық және облыстық Қоғамдық Ұйымдарының 25-жылдығы, Корея Республикасының Елшісі мен Консулының ҚР-да кездесуі. Осы жылы корейлердің Қазақстанға жер аударуының 80-жылдығы тойланбақ. Бұл іс-шаралар, сондай-ақ, қарт, аз қамтылған азаматтарға, жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциялары елеусіз қалмады. Белсенді қоғамшыл қыз мемлекеттік этносаясатты дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше мәрте мараптқа ие болды. Ол Қазақстан халықтарының Ассамблеясының, корейлердің республикалық Ассоциациясының, облыстық Достық үйінің регалияларымен, сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігің 25-жылдығына орай Елбасының құрмет грамотасымен марапатталған.

Юлия Кунсттың дарыны шексіз әрі алуан түрлі. Ол Аналар Кеңесіне және ШҚО меценаттар Клубының құрамына кіреді.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.