Қазақстанның екі ірі гидростанциясына, Өскемен ГЭС және Шүлбі ГЭС-на жеті жылдан астам уақыт Юлия Анатольевна Курий басшылық етіп отыр. Ол Қазақстанның энергетикасындағы мұндай лауазымда отырған жалғыз әйел адам.
Юлия Курий 1976 жылдың 10 мамырында Өскемен қаласында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің «Құқықтану» факультетін тәмамдап, Қазақстан-Америкалық Еркін Университеттің Іскер Әкімшілік Магистр дәрежесін алды.
Қазақстандағы реттелген АЕS бизнесінің тарифтік топтарының заңгер кеңесшісі болып қызмет атқарады. Қазіргі уақытта Юлия — «АЕS Өскемен ГЭС» ЖШС және «АЕS Шүлбі ГЭС» ЖШС атқарушы директоры.
Юлия станцияларды басқаруға аса қиын уақытта келді. Екі станцияны да жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру қажет болатын. AES компаниясының алғашқы құндылығы — бұл қндірістік жұмыстың қарқыны мен көлемінен тыс қауіпсіз жұмыс, ал ғаламдық модернизация кезеңінде екі станцияда бір де бір қайғылы оқиға орын алған емес. Екі станция да 2013 жылы қауіпсіздік саласында International Safety Award халықаралық сыйлығын алды. Сол жылы еңбекті және денсаулықты қорғау саласындағы жоғары жетістіктері үшін «DuPont» марапатына ие болды. 2015 жылы Өскемен ГЭС қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау саласында халықаралық RoSPA сыйлығымен марапатталды.
«Энергетикалық нысанның басшылық қызметіне міндетті түрде техникалық біліктілігі бар маман келу керек деген қалыптасқан стереотиптерге жиі тап болдым. Оны естіген сайын, алғашында өзімді жайсыз сезіндім, ал қазір олай емес. Оркестрдағы дирижер музыкалық аспаптардың барлығында ойнай алмайды ғой. Ол әрбір отырған адамның өз аспабында ойнай алатынына сенімді болғандықтан симфония туады…» — дейді Юлия.
2016 жылы Юлия Анатольевна Курий Қазақстандық энергетикалық ассоциацияның «Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигы» марапатын алды.
Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru
Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.
Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.
Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медицина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.
Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.