Бәріміз де заң алдында жауап беруіміз керек. Біздің қоғамымызда пробация қызметі бөлімінде сотталған адамдарды оқшаулауды ізгілендіру шарасын жүзеге асырып отырады. Қандайда бір лауазымды иелену мақсатының есебінде сотталғандар қоғамнан оқшаулаудан тыс жазасын өтеуде. Оның ішінде сот үкімі бойынша әр түрлі жұмыстар түріндегі жазаны атқару тағайындалған азаматтар жазасын өтеуде. Қоғамнан оқшауланбаған азаматтарымызға бақылауды аумақтық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қадағалау жасап олардың қоғамдық тәртіпті бұзуына, әкімшілік құқық бұзушылық жасауына жол бермеудің алдын алу, және де басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Сонымен қатар, Солжағалау аудандық пробация қызметінің бөлімінде есепте тұрып, жазасын өтеп жүрген сотталған аз. Қ.А.Е 17.09.2019 жылы ШҚО Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 106 бабы 1 бөлігіне сәйкес 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын сотталған және пробациялық бақылау қойылған. 08.06.2021 жылы тәртібінің жақсы болғаны үшін, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылыққа жол бермегені үшін, Өскемен қаласы №2 сотына ҚР ҚК-нің 72 бабына сәйкес мерзімінен бұрын босатылғанға қолдау хат жазып, сотқа іс-құжаты жіберілді. 16.06.2021 жылы Шығыс Қазақстан облыстық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 72 бабының 1 бөлігіне сәйкес, сотталған аз. Қ.А.Е. 1 (бір) жыл 3 (үш) ай 22 (жиырма екі) күн мерзімге мерзімінен бұрын ерте босатылды. Пробацияның басты мақсаты- сотталған адамдардың екінші қайтара қылмысқа ұрынбай тәртіпті болуы. Сондықтан біздің өсіп келе жатқан болашақ ұрпағымызға саналы тәрбие беру.
ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімі инспекторы, әділет аға лейтенанты Г.М.Таткенова