Заң тұрғысынан 40 әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты айыппұлдар көлемі төмендетілді

406
көрілім

Заң тұрғысынан 40 әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты айыппұлдар көлемі төмендетілді, деп хабарлайды buqara.kz тілшісі Bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірер күннен кейін күшіне енетін құжатта жеңілдіктер көп. Осыған дейін қарсы жолаққа шығып кеткендер 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылатын. Ал жаңа өзгерістер бойынша 6 айдан кейін көлік жүргізуіне рұқсат.

Күндіз көліктің шамын жақпағандар үшін шамамен 11 мың теңге айыппұл болса, енді тек 7 мың теңге төлейді. Жылдамдықты 10-20 км/сағаттан асырғандарға, көлікті тыйым салған жерге қойғандарға да салынатын айыппұл 2 есе қысқарды.

Ал темір тұлпарын мүгедектердің тұрағына қойғандар бұрын 113 мың теңге төлесе, жаңа заңда айыппұл мөлшері — 24 мың теңге. Сондай-ақ тәртіп сақшыларына бағынбай, қарсылық танытқандар бұрын бірден 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылса, енді 72 мың теңге төлеп, жазадан құтылады.

Сондай-ақ, осыған дейін ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті сақтандыру келісімшарты жоқтарға 20 АЕК ретінде айыппұл салынатын. Енді оның көлемі 10 АЕК-ні құрайды.