Заңды тұлғалардың теңгелей депозиті азайды

472
көрілім

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2018 жылғы сәуірде 5 227,3 млрд. теңгеге дейін 2,5%-ға қысқарды, шетел валютасымен 3 677,9 млрд. теңгеге дейін 6,2%-ға өсті. Бұл туралы Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы ретте, айта кетер болсақ, заңды тұлғалардың шетелдік валютадағы депозиттері олардың ұлттық валютадағы депозиттерінен 41,3%-ға төмен.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 149,6 млрд. теңгеге дейін 2,1%-ға ұлғайды, шетел валютасымен 4 000 млрд. теңгеге дейін 1,7%-ға (жеке тұлғалардың депозиттерінен 49,1%) өсті.

Мерзімді депозиттер көлемі бір айда 0,5%-ға ұлғайып, 11 772,9 млрд. теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютамен салымдар 6 369,2 млрд. теңге, шетел валютасымен – 5 403,8 млрд. теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,3% (2017 жылғы желтоқсанда – 8%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 11,6% (11,7%) болды.

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2018 жылғы сәуірдің соңында 17 054,8 млрд. теңге (бір айда ұлғаю 1,4%) болды.