Зарина Қамасова: Депутаттарды жұрт өздері сайлаулары тиіс

748
көрілім

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «АMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Зарина Айдарханова референдумға қатысты тұрғындар тарапынан қандай сауалдар жиі қойылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Фракция мүшесінің сөзінше, мажоритарлы жүйенің халық үшін пайдасы аз емес. Саяси реформа болғандықтан әр өзгеріс өңір тұрғындарына жеңіл қабылдануы тиіс.
- Конституцияға енгізілгелі тұрған 33 түзетуді ешкім оқып жатпайды. Мейлі дәрігер ме, тәрбиеші ме, әлде еден жуушы ма - біз барлығына қаз-қалпы жеткізуіміз керек. Интеллигенция жағы біршама белсенді. Әр тұрғын мұны әдеттегі сайлау деп қабылдамаулары тиіс. Көбі «Жаңа Қазақстанды» көргілері келеді. Референдум өткен күннің өзінде ол сәт бірден орнамайды. Дұрыс қадам жасалуы керек. Депутаттарды жұрт өздері сайлаулары тиіс. Кейін өкілеттілілігі аяқталар тұста халық олардан не істеп, қандай жұмысты біржақты еткендерін сұрай алады. Көңілдерінен шықпаса орнынан алып тастайды. Соңғы уақытта тұрғындар зейнетақы жасының төмендеуі, денсаулық сақтау сапасының қашан оңала түсетіндігі жайлы жиі сауалдар қойды. Алда шынымен де едәуір өзгеріс күтіп тұр, - деді Зарина Айдарханқызы.