Зайсан ауданы әкімдігі жеңілдетілген бағадағы дизельдік отынға тапсырыс бермеген

207
көрілім
Фотосурет Ulysmedia.kz

Бұл туралы ақпарат облыс әкімдігінде өтіп жатқан жиын кезінде ұсынылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері ол ауданда 120 тонна дизельдік отынға қажеттілік бар екенін жеткізді. Облыс әкімі Ермек Көшербаев осы фактіге бірден назар аударды.
- Тарбағатай мен Зайсан аудандары жанар-жағармай бекеттерінің орналасуы бойынша бір-біріне жақын. Оны өздеріңіз де білесіздер. Тұрғындар баға қымбаттады деп жиі шағым түсіріп жатады. Алдын ала шара қабылдамаған соң ертең "жанармай жетпейді" деп жүресіздер, - деді Ермек Беделбайұлы Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызына қарата сөйлеп.
Бұл ретте Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері ереже бойынша өтініп желтоқсан айының 20-на дейін беріліп қоюы қажет екенін сөз етті. Өңір басшысы керек болса, Павлодардағы жанармай зауытынан бастап, министрліктерге бару қажеттігін жеткізді.
- Жіберілген өтінім әу баста қабылданбай қалды. Бірден Ауылшаруашылығы басқармасына хабарластым. Мәселе шешіледі, - деді Аэлита Ахметсәлімқызы.
Әділхан ЕСІМХАНОВ