2020 жылдан бастап Зайсан ауданында елді мекендерді интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында желілер тартылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Серікбол Сиырбаев берген сұраухат жауабына сүйенсек, бірқатар ауылдардағы мемлекеттік мекемелер ғаламтормен қамтылмақ. Мәлім болғандай, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы былтырдан бері Біржан, Дайыр, Сартерек, Қаратал, Айнабұлақ, Кеңсай, Қарабұлақ, Жарсу елді мекендерін интернетпен қамту мақсатында жұмыстар жүргізуде. Жауапты тұлға осындай жұмыстар биыл Зайсан қаласында да іске асырылатынын жеткізді.
Нұрбек АСҚАРОВ