Зайсан ауданында алымсыз сауда-саттық жасайтын дүкен ашылды

1133
көрілім
Шартты фотосурет.

Жақында алымсыз сауда-саттық жасайтын алғашқы «Duty Free» дүкені Зайсан ауданындағы «Майқапшағай» шекара бекетінде ашылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Онда әлемдік брендтердің косметикасы, парфюмериясы, спирттік ішімдіктер мен темекі бұйымдары қарапайым дүкендердің бағасынан әлдеқайда арзан бағада сатылады, — деп хабарлады ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ольга Григорьева.

Түсіндіре кетсек, алымсыз дүкендер тауарларды кейбір акциз түрлері енбейтін баға бойынша және аталмыш өнім елден тысқары әкетілетін болса қосымша құн салығынсыз сатады.

Кәсіпкерлік басқармасы «Alatau Duty Free» ЖШС алдағы уақытта Үржар ауданындағы Бақты өткізу пунктінде осындай дүкен ашуды жоспарлап отырғанын қоса хабарлады.