Зайсан ауданында браконьерден 100 келіге жуық балық тәркіленді

20347
көрілім

Өңір полицейлері заңсыз 100 келіге жуық балық аулаған браконьерді ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазан айының 27-сі күні Зайсан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «Зайсан» көлінің солтүстік-батыс бөлігіндегі тыйым салынған аумақта балықты заңсыз аулаумен айналысқан 49 жастағы Үшкөмей ауылының тұрғынын анықтады.
Браконьерден «Обь» моторлы қайығы, 100 метрлік екі тор, жалпы салмағы 91 келі болатын заңсыз ауланған үш қап көксерке тәркіленді.
Күдікті заттай дәлелдемелермен аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, шақыру бойынша келу бұлтартпау шарасы қабылданды.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335 - бабы 3-бөлігіне (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.