Зайсан ауданында ер адамның үйінен заңсыз сақталған екі мылтық пен оқ-дәрілер табылды

24039
көрілім

Зайсан ауданы тұрғынының үйінен заңсыз сақталған екі мылтық пен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Айка» шаруашылығының қорықшыларымен бірге Дайыр ауылдық округінің Грибок учаскесінде заңсыз қару сақтау фактісін тіркеді.

«27 жастағы Қаратал ауылы тұрғынының үйінен «Вепрь» және «ТОЗ-16» ойық мылтықтары, 7, 62х39 мм калибрлі 6 оқ-дәрі табылды. Анықталғандай, бұл қарулар ер адамның марқұм әкесіне тиесілі болған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне (Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.