Зайсан ауданында қайырымдылық сенбілігі ұйымдастырылды

731
көрілім

Зайсан ауданына қарасты Шалқар ауылында қайырымдылық сенбілігі өткізіліп, жұдырықша жұмылған аудан жастары көктемгі су тасқынынан құлаған қора-қопсылардың қирандыларын тазалады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

"Ауа райының күрт жылынуына байланысты ауданның кейбір ауылдары су тасқыны зардабын шеккені белгілі. Сол ауылдардың бірі Сартерек ауылдық округіне қарасты Шалқар ауылы. Жастар ресурстық орталығының бастамасымен су тасқынынан зардап шеккен ауылда қайырымдылық сенбілігі өткізілді. Сенбілікке шыққан ауданның белсенді жастары ауыл ішін құлаған қора-қопсының қирандыларынан тазартып, жарамды құрылыс материалдарын бөлек жинады. Сенбілік жұмыстары мұнымен аяқталмай алдағы апталарда да ұйымдастырылатын болады. Ірі кәсіпорындар демеушілік жасап сенбілікке қажетті техникаларын берді", - деп хабарлайды Зайсан аудандық Жастар ресурстық орталығы.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ