Зайсан ауданында көлік жүксалғышынан еліктің еті табылды

16926
көрілім

Жуырда Зайсан ауданындағы «Омбы-Майқапшағай» тасжолында «Шевролет Нива» автокөлігі тоқтатылып, жүксалғышынан еліктің еті табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тексеру барысында Боран ауылының 47 жастағы тұрғыны мен Зайсан қаласының 43 жастағы тұрғыны көлігінің жүксалғышынан жалпы салмағы 37 килограмм құрайтын 2 еліктің еті және осы азаматтардың біріне тиесілі 16 калибрлі екі ұңғысы бар тегіс ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.