Зайсан ауданындағы Айнабұлақ орта мектебінің информатика кабинеті жөндеуден өтіп, заманауи құрылғылармен жабдықталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
- Жаңа оқу жылы аудандағы орта мектептер үшін жағымды жаңалықтармен басталды. Айнабұлақ орта мектебінің информатика кабинеті жөнделіп, қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталды. Жаңа оқу кабинеті бұдан былай Қуанған Адиевтің есімімен аталады, - деді аудан басшысы Серік Ақтанов.
Игі іске 39 жыл ұстаздық етіп, оның 26 жылында осы мектепті басқарған Қуанған Адиұлының ұрпақтары ұйытқы болған.