Зайсан ауданында болашағы жоқ бірнеше ауыл жабылған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Облыс әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешімі бойынша Зайсан ауданы мен Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымында бірқатар өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округіндегі Жаңабаз ауылы Көгедай ауылына, Айнабұлақ ауылдық округіндегі Талды, Сарытұмсық ауылдары Айнабұлақ ауылына, Кеңсай ауылдық округінің Саршы ауылы Кеңсай ауылына қосылды.