Зайсан ауданындағы Қаратал ауылының көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

432
көрілім

Үстіміздегі жылы Зайсан ауданындағы бірнеше елдімекен жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өткен жылы аудандық маңыздағы «Жарсу-Бақасу-Саржыра» жолының 15-31 шақырымын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 400 млн 336 мың теңге сметалық есептеме жасалынып, ведомствалық сараптамадан өткізілген.

Бүгінгі таңда 209 млн 563 мың теңге қаржы бөлініп жұмыстар осы жылы іске асырылуы жоспарланып отыр.

- Биылғы жылы аудан орталығы Зайсан қаласының және Қаратал ауылының көшелерін орташа жөндеу жылдық жоспарға кіргізілді, - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.