Зайсан ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың үкімімен Зайсан ауданының әкімі лауазымына Серік Зайнулдин тағайындалды. Серік Зинабекұлы 1964 жылғы 25 ақпанда Зайсан қаласында туған. 1981 жылы Айнабұлақ орта мектебін тәмамдады. 1981-1986 жылдары – Семей зооветеринарлық институты зоотехникалық факультетінің студенті.
1986-1991 жылдары Зайсан ауданындағы «Айнабұлақ» кеңшарында бас зоотехник болып жұмыс істеді.
1991-1993 жылдары – «Айнабұлақ» кеңшарының директоры, 1997 жылға дейін - аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы.
1997-2004 жылдары ол Зайсан ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мәселелеріне басшылық ететін орынбасары, 2004-2005 жылдары Зайсан ауданы әкімінің міндетін атқарушы қызметінде болды.
2007-2010 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі, 2010-2013 жылдары Зайсан ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 2013 жылдың 28 маусымынан бастап қазірге дейін дейін Үржар ауданының әкімі болып қызмет еткен.