Зайсан ауданында көршісінің шөбін өртеп жіберіп, 1 млн теңге шығын келтірген ер адамқа қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жуықта Зайсан аудандық полиция бөліміне хабарласқан 36 жастағы азамат үй қоршауының сыртындағы 200 орама шөбін белгісіз біреудің өртен жібергенін айтқан.
– Тәртіп сақшылары бірден оқиға орнына аттанды. Анықталғандай, үй иесі сол күні таңертең көршісімен бірге ішімдік ішкен. Арада біраз уақыт өткенде масайып қалған ауылдастардың арасында кикілжің шығып, екеуі үйді-үйлеріне тарасады. Ренжішін баса алмаған зайсандық қасақана көршісінің шөбін өртеген. Осының салдарынан жәбірленушіге 1 млн теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта полицейлер 31 жастағы ер адамды ұстаған. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.