Зайсан қаласындағы 300 орындық мектеп құрылысы биыл аяқталады

238
көрілім
Фотосурет Ult.kz

Ресми ақпаратты аудан әкімдігі өкілдері ұсынды. Олар Жарсу ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы қолға алынатындығын да айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрғайни Қабидолдинаның сөзінше, Зайсан қаласындағы 300 орындық мектептің құрылысы биыл аяқталып, пайдалануға беріледі.
- Жарсу мектебіне спорт зал, Айнабұлақ ауылында спорт модулі, Қаратал ауылында 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория, Жаңатұрмыс, Саржыра ауылдарында жаңа типтегі медпункттер, Жарсу ауылында жаңадан фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы басталады. Сарытерек ауылының Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіледі. Бірнеше ауылда балалар ойын және спорт алаңдары салынады, - деді ол.
Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай  қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауымен Зайсан қаласында заманауи футбол, баскетбол-волейбол алаңы және воркаут аймағының құрылысы жүргізілуде.