Зайсан қаласындағы автобекетті қандай өзгерістер күтеді?

1402
көрілім

Зайсан қаласының автобекетін абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасуда. Қазіргі заманның сәулетімен айшықталған автобекет алдында қызу еңбек қазіргі уақытта да жүріп жатыр.

Жаңартылған автобекет тұрғындардың өз рейсін күту үшін барынша ыңғайлы етіп жасалған. Әсіресе қаһарлы қыстың сықырлаған аязында автобусты далада емес автобекеттің кеңейтілген арнайы залында күтуі жолаушылардың жүгін барынша жеңілдетті.

«Зайсан-Астана» бағыты қосыла ма?

Зайсандықтар мен аудан қонақтары орталық автобекеттен Өскемен, Семей, Алматы, ҚХР Жеменей қаласына тіке тарта алады. Тек Елордаға қарай жолға шығу мүмкіндігі болмай тұр. Автобекет директоры Арай Исламбекова бұл бағыттың іске қосылуы тек тендерге байланысты емес екендігін айтты. Ол үшін ойнатылған тендерді ұтып алған кәсіпкер осы бағытта қатынайтын автобусты өзі белгілеуі керек екен.

Біздің автобекетте жүретін автобустардың барлығы жекеменшікке тиесілі. Сол себепті олар автобустардың барар бағыттарын өздері белгілейді. Бір айта кететіні, кәсіпкерлер жолаушылардың жолдағы қауіпсіздігіне жауапкершілік алмайды. Еліміздің бас қаласына автобустың жүруі де тікелей кәсіпкерге байланысты. Егер мемлекет заң бойынша осы рейсті бекітетін болса ғана аталған бағыт іске қосылмақ, – дейді Арай Исламбекқызы.

Жалпы, Зайсан қаласындағы автобекетте 20-дан астам автобус келіп-кетіп жүреді. Автобустардың жүру маршруты да қыс мезгілінде бір бөлік, жаз кезінде бір бөлек (толықтай кестеде көрсетілген).

Алдыңғы жылы автобекетке заманға сай жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Іші-сыртын көркейтіп, екінші қабат салдық. Өздеріңіз көріп тұрғандай, автобекетіміз бұрынғыға қарағанда айтарлықтай өзгеріп қалды. Бірақ барлық жұмыстар осымен бітпейді. Қазіргі уақытта автобекет ауласына абаттандыру шаралары жүргізілуде. Бір әттеген-айы, жалпы меншіктегі жеріміз тарлық етіп тұр. Қосымша жер беріліп жатқан жағдайда автобустардың тұрағын кеңейтіп, автобекеттің сыртын қоршап қойғымыз келеді, – дейді Арай Исламбекова.

Біздің анықтама

Жолаушы назарына автобустағы жүктерді тасымалдау ережесін ұсынамыз: 1) Көлемі 60*40*20-дан аспайтын қол жүгі ақысыз тасымалданады. 2)Жолаушы қол жүгінің тек бір орнын ақысыз тасымалдауға құқықты. 3) Көлемі 60*40*20-дан асатын қол жүгі «Тасушы» белгілеген төлеммен тасымалданады. 4) Жолаушының өзімен бірге 2 орынға көлемі 100*50*30-дан аспайтын жүкті тасымалдауға құқығы бар.

Маршрут атауы

Ара-қашықтығы

Уақыты

Билет бағасы (теңге)

Шығу

Жетуі

«Зайсан-Өскемен»

477

Қыс уақыты

3000 теңге

7:00

15:00

15:30

«Зайсан-Өскемен»

Жаз уақыты

3000 теңге

19:00

4:00

«Зайсан-Семей»

532

Қыс уақыты

2600 теңге

7:00

16:00

16:30

«Зайсан-Семей»

Жаз уақыты

2600 теңге

19:00

4:00

4:30

«Зайсан-Алматы»

1250

7:00

6:00-

7:00

6000 теңге

«Зайсан-Жеменей»

95

7:00

8:30

12:30

13:30

12:00

3000 теңге

Ауыларалық автобустардың жүру кестесі:

Зайсан – Жамбыл – Көкжыра – Дайыр – Қуаныш – Біржан бағытының жүру уақыты: 6:40, 12:00, 16:00.

Зайсан – Көгедай – Шалқар – Қаратал – Үлкен Қаратал бағытының жүру уақыты: 7:00, 12:00, 18:00.

Зайсан – Кеңсай – Жарсу – Бақасу – Саржыра бағытының жүру уақыты: 7:00, 12:00, 16:00.

Зайсан – Сартерек бағытының жүру уақыты: 7:00, 12:00, 17:00.

Зайсан – Шілікті бағытының жүру уақыты: 16:00.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Фотосуретті түсірген автор