Мәлім болғандай, биыл Білім беру инфрақұрылымын дамытуды қолдау қоры есебінен Өскеменде 600 орындық мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сонымен қатар 500 орындық 2 мектептің (Зайсан қаласында – 300 орын, Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентінде – 200 орын) құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023 жылдан бері 3000 орындық 7 мектептің құрылысы жалғасуда (Өскеменде 1500 орындық 3 мектеп, Риддерде 600 орындық мектеп, Шемонаиха қаласында 300 орындық мектеп, Глубокое ауданында 600 орындық 2 мектеп). Биыл тағы 1200 орындық 3 мектептің (Өскемен қаласында 900 орындық 2 мектеп және Глубокое ауданындағы Прапорщиково ауылында 300 орындық мектеп) құрылысы басталмақ.
Қазіргі таңда 2,8 млрд теңгеге 84 білім беру нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 549,3 млн теңгеге жаңа модификациядағы 45 пән кабинетін сатып алу жоспарлануда.
Қымбат МУХАМАДИЕВА